COVID-19: Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 2686-ға жетті
Өзбекстанда бүгін аурудан сауыққан жандарға қарағанда вирус жұқтырғандық жағдайы көп тіркелді
Өзбекстанда бүгін аурудан сауыққан жандарға қарағанда вирус жұқтырғандық жағдайы көп тіркелді.
ДСМ-нің хабарлауынша бүгінгі 15 мамыр кешкі сағат 23:00 уақытымен қорытынды жаңалықтар бойынша ел аумағында тәулік бойы 41 науқас тіркеліп жалпы коронавирус расталғандар саны 2686 кісіге жеткен.
Сондай-ақ бүгін 22 науқас сауығып жалпы олар қатары 2158 жанды құрауда. Ал бүгінге дейін 10 кісі індеттен көз жұмған. Қазіргі уақытта республикадағы ауруханаларда 517 науқас емделуде.