COVID-19: Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 2298 кісіге жетті
Қазіргі уақытта республикадағы ауруханаларда 603 науқас ем қабылдауда
Бүгін Өзбекстанда тәуліктік бойы тағы 29 вирус жұқтырған адам тіркелді.
ДСМ-нің хабарлауынша бүгінгі кешкі сағат 23:00 уақытымен ел аумағында қазірге дейін коронавирус расталған 2298 жағдай тіркелген. Сондай-ақ бүгін 79 кісі аурудан сауығып жалпы олардың саны 1656-ға жетті. 10 кісі қайтыс болды.
Өзбекстанда коронавирустық індетінің алғашқы жағдайы 15 наурыз күні Ташкентте тіркелген еді. Қазіргі уақытта республикадағы ауруханаларда 603 науқас ем қабылдауда.