Covid-19: Өзбекстанда коронавирус құрбандарының саны 674-ке жетті
18 мамырда Өзбекстанда коронавирустан тағы екі азамат қаза болып, жалпы құрбандар саны 674-ке жетті.
ДСМ-нің мәліметінше, өткен тәулікте республиканың 12 аймағынан 212 азаматта індет анықталған. Коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны қазір 97 280-ге жетті.
Сонымен қатар кеше 258 науқас сауығып шығып, жалпы сауыққандар қатары 92 840 (сауығу көрсеткіші 95 пайыз) жанды құрауда.
Дәл қазіргі сәтте республикадағы ауруханаларда жалпы 3766 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда.