COVID-19: Өзбекстанда бір тәулікте 824 адамда індет анықталып, сауығу көрсеткіші 97 пайызға төмендеді
Өзбекстанда коронавирустық эпидахуал күн өткен сайын күрделене түсуде. Кеше тәулік бойы 824 адамда індет анықталып, сауығу көрсеткіші 97 пайызға төмендеген.
«2022 жылдың 13 қаңтар күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 203 297 (+824) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Жаңадан ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Ташкент қаласында тіркелген – 434 адам. 12 қаңтарда 387 азамат анықталған болатын.
Соңғы 7 күндік жағдайға назар аударсақ, расында республикадағы аурулар саны жылдам өсіп жатқаны байқалады:
- 7 қаңтар - 214;
- 8 қаңтар – 369;
- 9 қаңтар – 389;
- 10 қаңтар – 425;
- 11 қаңтар - 604;
- 12 қаңтар – 714;
- 13 қаңтар – 824.
Сондай-ақ, кеше тәулік бойы республикада 239 азамат сауығып, 3 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 197 942-ге жетіп, жалпы сауығы деңгейі 97 пайызға төмендеген. Құрбандар саны 1511 құрауда.