COVID-19: Өзбекстанда бір тәулікте 400-ден астам науқас анықталып антирекорд жаңарды
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жөніндегі мәліметтер бойынша күндік антирекорд жаңарғанын хабарлады.
«2021 жылдың 29 сәуіріндегі жағдай бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 402 азамат анықталып, жаплпы статистика 90 808-ге жетті», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ осы күні 293 азамат аурудан сауығып шықты және екі кісі көз жұмғаны айтылған.
Бүгінгі таңда ел аумағында сауығып шыққандар саны 87 067-ні құрауда. Өлім саны 649-ға жетті.
Қазір республикадағы ауруханаларда жалпы 3092 науқас дәрігерлер бақылауында.