COVID-19: Вирус жұқтырғандық тағы 32 жағдай тіркелді
Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда тағы 32 адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылғанын хабарлайды
Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда тағы 32 адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған деп хабарлайды.
25 сәуір таңғы сағат 10:00 уақытымен республикада тағы 32 вирус жұқтырғандық жағдайы тіркелген болып жалпы науқастар саны 1836 кісіге жеткен, делінеді министрлік хабарында.
Соңғы күнгі деректерге сай Өзбекстанда вирус жұқтырғандық жағдайына қарағанда аурудан сауыққандар саны артып келеді. 21 сәуірде 51, 22 сәуірде 38, 23 сәуірде 42 24 сәуірде 46 адамға ауру диагнозы қойылды. Ал осы күндерге сай аурудан жазылғандар саны 96, 93, 111және 60 жанға жеткен.
Еске сала кетсек, Өзбекстанда коронавирустық індеттің алғашқы расталған жағдайы 15 наурызда Ташкентте тіркелген еді. Бүгінге дейін ел аумағындағы жалпы сауыққандар қатары 621 кісіге жеткен. Індеттен 8 кісі көз жұмған.