Covid-19 вакцинасын тарату «тарихтағы ең үлкен көлік проблемасы» болуы мүмкін
Коронавирустық вакцинаны бүкіл әлем бойынша тарату жұмыстары «тарихтағы ең үлкен көлік проблемасына» айналуы мүмкін
Коронавирустық вакцинаны бүкіл әлем бойынша тарату жұмыстары «тарихтағы ең үлкен көлік проблемасына» айналуы мүмкін.
«ВВС» мәліметі бойынша, Халықаралық әуе көлік қауымдастығы (IATA) бұл шараға шамамен Boeing 747» ұшағына тең келер 8 мың ұшақ қажет екендігін айтқан. Covid-19 вакцинасы әзірше жоқ, бірақ IATA қазірдің өзінде авиакомпаниялар, әуежайлар, денсаулық сақтау ұйымдары және фармацевтикалық фирмалармен әлемдік әуе тасымалының жоспары бойынша келіссөздер жүргізуде. Жобаға сай бір азамат үшін бір вакцина ғана қарастырылған.
«Covid-19 вакциналарын қауіпсіз жеткізу ғаламдық жүк әуетасымалы индустриясы үшін ғасыр миссиясына айналды. Бірақ бұл алдын-ала нақты жоспарлаусыз болмайды. Ал оның уақыты жетіп келді», - деді IATA-ның атқарушы директоры Александр де Жюньяк.
Пандемия жағдайында жолаушылар рейсінің күрт төмендеуі нәтижесінде әуекомпаниялар назарларын жүк тасымалына аударды. Алайда вакцинаны барлық авиация тасымалдау мүмкіндігіне ие емес, өйткені дәрі-дәрмектер белгілі бір температурада сақтауды қажет етеді. Кейбір вакциналар үшін өте төмен температура қажет болуы мүмкін, сондықтан көптеген авиакомпанияларда мұндай талапқа жауап бермейді. Әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір аймақтары мен бүкіл Африкада вакцинаны жеткізуде күрделі мәселелер туындауы мүмкін.
IATA әлем елдері вакцина жеткізуге дайын болған кезде проблемалар туындамас үшін сақтық шараларын қазірден бастауға шақырады.