Covid-19: Өткен тәулікте коронавирустан төрт азамат қаза болды
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте Өзбекстан аумағында 400-ге жуық адамда індет анықталғанын және төрт науқас қайтыс болғанын хабарлады.
«2021 жылдың 17 маусымындағы жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны 105219 (+385) жетті», - деді министрлік.
Өткен тәулікте республиканың 11 аймағынан 395 азамат аурудан сауығып, олардың жалпы саны қазір 101 018-ге жеткен. Елде аурудан қаза болғандар қатары 717 құрауда.
Дәл қазіргі сәтте республикадағы ауруханаларда жалпы 3484 науқас дәрігерлер бақылауында емделуде.