French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Covid-19: Өткен тәулікте 487 кісіде індет анықталып, 5 науқас қайтыс болды
10:58 / 2021-10-07

Өзбекстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 487, пневмония диагнозы қойылған 26 адам анықталғаны белгілі болды.

«2021 жылдың 6 қазанындағы жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 176 964 (+487) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Пневмония жағдайы бойынша кеше 26 адам тіркелген. Қазірде олардың жалпы саны 27 398 жетіп, одан 25 750 сауығып шыққан. Өткен тәулікте науқастар арасында өлім жағдайы тіркелмеген.

ДСМ-нің соңғы дерегінше 6 қазан күні республикада 432 азамат сауығып, 5 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды. 

Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 172 257-ге жетіп, құрбандар саны 1260 құрауда.