English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Covid-19: Тәулік бойы 3 науқас індеттен көз жұмды
23:51 / 2020-10-20

Соңғы мәліметтер бойынша республикада 63 912 азаматта вирус расталған


Өзбекстанда 20 қазан күні індеттен көз жұмғандар қатары 3 кісіге көбейіп жалпы бүгінге дейін өлім көрсеткіші 534-ке жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды хабарламасында тәулік бойы елде 305 коронавирус жұқтырғандық жағдайы тіркеліп 351 азаматтың індеттен сауыққаны айтылған.

Соңғы мәліметтер бойынша республикада 63 912 азаматта вирус расталған. Олардың 95 пайызы немесе 61 068 аурудан сауығып шықты.

Қазіргі уақытта республикадағы ауруханаларда 2310 науқас дәрігерлердің бақылауында қалып, олар арасында 292 кісінің жағдайы ауыр екендігі айтылады министрлік мәліметінде.