Covid-19: Тәулік бойы 254 жан коронавирус жұқтырған
ДСМ-нің бүгінгі кешкі қорытынды хабарында вирусқа шалдыққан 3 науқас көз жұмғаны айтылады
29 қазан күні Өзбекстанда тәулік бойы індет жұқтырған 254 азамат тіркеліп, 267 кісі аурудан сауығып өз отбасына оралды.
ДСМ-нің бүгінгі кешкі қорытынды хабарында вирусқа шалдыққан 3 науқас көз жұмғаны айтылады.
Соңғы дерекке орай ел аумағында қазіргі кезде коронавирустық 66 454 жағдай расталған және одан 63 713 азамат сауыққан болып, емделу көрсеткіші 96 пайызды құрауда. Өкінішке орай бүгінге дейін 561 жан көз жұмған.
Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 2180 науқас індетпен күресуде.