«COVID-19» коронавирусы жайлы соңғы ақпарат
Осы індеттің жер бетіне жаппай тарай бастаған кезден беріге ауруға шалдыққандардың жалпы саны қазір 90 мыңнан асты
Бүгінгі 3 наурыздағы ең соңғы деректер бойынша «COVID-19» коронавирусының тарау көрсеткіші бәсеңсімей, қайта оның ауқымы кеңейіп қадамы жетпеген бірқатар елдер аумағында бұл індетті алғашқы деректері анықталған.
Жер бетіндегі тіршілік иесіне қауіп төндірген осы аурудың тараған елдер қатарына Латвия, Сенегал, Сауд Арабиясы, Тунис, Иордания, Португалия, Андорра және Марокко мемлекеті қосылды. Олар ішінде алғашқылардан болып Марокко елдегі өтетін барлық ірі шараларды тоқтатқан.
Осы індеттің жер бетіне жаппай тарай бастаған кезден беріге ауруға шалдыққандардың жалпы саны 90 мыңнан асты. 3117 адам өлімі тіркеліп, 48 мыңнан астам жан аурудан айыққан. Қазірде вирустың тарау деңгейі жоғары елдер қатарында Қытайдан кейін Оң.Корея, Италия және Иран тұр.
«COVID-19» коронавирусының ең көп тараған елдер

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың тарауын тоқтату үшін әр ел өз аумағында күшейтілген режимде жұмыс жасауы керек, дейді. Ал экономикалық сарапшылар вирустың әсерінен 2020 жыл бүкіләлемдегі экономикалық өсу қарқыны екі есеге төмендеп кетуі мүмкіндігін айтқан.