Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
COVID-19 індеті анықталған тағы 29 кісі тіркелді
10:48 / 2020-04-12

Карантин жарияланғаннан бері ел аумағында 43 мыңнан астам адам тәртіп бұзған


Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда тағы 29 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғаны жайлы хабарлады.

Онда, «2020 жыл 12 сәуір сағат 10: 00де Өзбекстанда тіркелген коронавирустық науқастар саны 796 адамды құрайды», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Бүгін ел аумағында коронавирус тіркелгеніне 28 күн болды. Осы аралықта карантиндік тәртіпті бұзған 43 мыңнан астам адам белгілі болып, олардың біразына айыппұл слынып 15 күндік қамауға алынған.

Соңғы ақпаратқа сай Өзбекстанда 796 кісі ауруға шылдығып, олардың 42 емделген. 4 азамат көз жұмды.