Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
COVID-19: Індет жұқтырғандар саны 1900-ден асты
23:44 / 2020-04-27


Республикада 27 сәуір тәуліктік көрсеткіш бойынша тағы 35 науқас тіркелді.

ДСМ-нің хабарлауынша 27 сәуір кешкі сағат 23:00 уақытымен ел аумағында 35 коронавирус жұқтырғандық жағдайы тіркеліп, жалпы науқастар саны 1904 кісіге жеткен. Сондай-ақ бүгін 103 азамат аурудан сауығып жалпы емделгендер 892-ге жетіп, бүгінге дейін қаза болған 8 жағдай тіркелді.

Еске сала кетсек, Өзбекстанда коронавирустық індетінің алғашқы жағдайы 15 наурыз күні Ташкентте тіркеліп, ел аумағындағы барлық ауқымды шаралар мен салтанатты кештер тоқтатылды. Республикалық арнайы комиссияның шешімімен карантиндік мерзім 10 мамырға дейін ұзартылды.