Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
COVID-19: Індет жұқтырғандар саны 10 459 кісіге жетті
10:35 / 2020-07-07

Бүгінге дейін аурудан сауыққандар саны 6690 кісіге жетіп, 37 азамат індетен көз жұмған


Өзбекстанда 7 шілде күнгі таңғы мәліметтер бойынша елде тағыда коронавирус жұқтырған 97 азамат тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына сай бүгін таңғы сағат 10:00 уақытымен республикадағы жалпы індет расталған жағдай 10 459 кісіге жеткені айтылады.

Жаңадан вирус жұқтырғандардың 35 карантиндегілер арасында, 59 Ташкент қаласында, 3 Қарақалпақстан Республикасы тұрғындарында анықталған.

Бүгінге дейін аурудан сауыққандар саны 6690 кісіге жетіп, 37 азамат індетен көз жұмған.

Ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны күн өткен сайын күрт өсіп келеді. Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 3697 науқас індетпен күресуде, олар арасында 25 азаматтың жағдайы ауыр, 11 жанның халі өте ауыр екені айтылады министрлік хабарында.