COVID-19: Індет жұқтырған 121 кісі анықталды
Жаңадан вирус жұқтырғандардың 69 Сұрханариядағы карантиндегілер арасында, 48 Ташкент қаласында, 4 Ташкент облысынан тіркелген
Өзбекстанда 3 шілде күнгі таңғы мәліметтер бойынша елде тағыда коронавирус жұқтырған 121 азамат анықталған.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына сай бүгін таңғы сағат 10:00 уақытымен республикадағы жалпы індет расталған жағдай 9199 кісіге жеткені айтылады.
Жаңадан вирус жұқтырғандардың 69 Сұрханариядағы карантиндегілер арасында, 48 Ташкент қаласында, 4 Ташкент облысынан тіркелген.
Бүгінге дейін аурудан сауыққандар саны 6034 кісіге жетіп, 27 азамат індетен көз жұмған.
Ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны күн өткен сайын күрт өсіп келеді. Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 3138 науқас індетпен күресуде, олар арасында 16 азаматтың жағдайы ауыр, 8 жанның халі өте ауыр екені айтылады министрлік хабарында.