Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Covid-19-ға қарсы вакцинация кімдерге ұсынылмайды?
13:50 / 2021-03-07

Санитарлық-эпидемиологиялық қоғамдық денсаулық сақтау қызметі басшысының орынбасары Нурмат Атабеков Covid-19-ға қарсы вакцина кімдерге егілмейтініне жауап берді.

«Вакцинация шараларын жүзеге асыру кезінде сол вакцинаны жасаған ұйымның ұсыныстары орындалады. ВИЧ-инфекциясы немесе аутоиммунды аурулары бар адамдарға, оның ішінде ауыр аллергиялық реакциялары бар кісілер, жүкті әйелдер, емізетін аналарға және жалпы 18 жасқа дейінгі тұрғындарды вакцинация ұсынылмайды. Кез-келген жағдайда, вакцинация туралы шешім медициналық тексерудің нәтижесінде қабылданады. Егер вакцинацияға кедергі болатын жағдайлар болса, медициналық тексеруді жүргізетін дәрігер міндетті түрде бұған назар аударады, деген Нурмат Атабеков ДСМ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.  

Еске сала кетсек, Өзбекстанда биыл коронавирусқа қарсы емдеу процесі кезінде 4 112 668 азамат тегін екпе алатын болады.