Covid-19: Бір тәулікте 400-ден астам індет жұқтырғандар анықталып 3 адам қаза болды
2021 жыл 6 мамырдағы жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық аурулар саны 93 597 (+421) адамға жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте індет анықталған аймақтар арасында ең көбі Ташкент қаласы (239 адам) мен Ташкент облысында (77 адам) тіркелген.
Соңғы дерекке сай, кеше 363 азамат аурудан сауығып 3 науқас қайтыс болған. Жалпы статистика бойынша елде індеттен сауыққандар саны 89 338-ге жеткен болса, өлім саны 660-ті құрауда.
Қазіргі уақытта республикада 3599 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда.