Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Covaxin вакцинасы 77,8 пайыз тиімділік көрсетті
14:25 / 2021-11-12

Үндістанда жасалған Covaxin коронавирусқа қарсы вакцина зерттеудің үшінші кезеңінде 77,8 пайыз тиімділік көрсетті.

«Екінші вакцинациядан 14 күн өткеннен кейін басталған COVID-19-ның кез келген ауырлығына қарсы тиімділігі 77,8 пайыз, ауыр COVID-19-ға қарсы тиімділігі 93,4 пайыз болды. Симптомсыз COVID-19-ға қарсы тиімділік 63,6 пайызды көрсетті. Біздің алдын ала талдауымыз дельта штаммына қарсы 65,2 пайыз тиімділігін көрсетті, бірақ осы және басқа штаммдарға қарсы клиникалық тиімділікті растау үшін қосымша зерттеулер қажет», - делінген The Lancet ғылыми журналындағы жарияланған мақалада.

Ғалымдардың айтуынша, дәстүрлі инактивтендірілген вирус технологиясын қолданатын Covaxin екі дозадан кейін екі апта өткен соң «тұрақты антидене реакциясын тудырады».