COVAX бағдарламасы бойынша алғашқы вакциналар Ганаға жеткізіледі
COVAX миссиясы - 2021 жылдың соңына дейін ДДСҰ мақұлдаған 2 млрд доза қауіпсіз және тиімді вакцинаны тарату болып, оның алғашқы партиясы Гана еліне жеткізілетін болды.
«Гана COVAX механизмі бойынша коронавирустық вакцинаны әлемде бірінші болып қабылдайтын ел болғанына қуаныштымыз», - делінген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ-тің хабарламасында.
Бағдарлама аясында Ганаға AstraZeneca вакцинасынан 600 мың доза жетеді.
ДДҰ мәліметтері бойынша, Ганада пандемия басталғаннан бері коронавирустық инфекция 80,7 мыңнан астам азаматта тіркелді және 850-ден астам адам қайтыс болды.