Cotton Campaign Өзбекстан мақтасына жарияланған бойкотты жою туралы өтінішке жауап береді
Өзбекстан батыс нарығына мақта мен тоқыма өнімдерін сатудан 1 миллиард доллар пайда табу мүмкін
Еңбек және адам құқығын қорғау бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен коммерциялық компанияларды қамтыған «Cotton Campaign» 2013 жылы Өзбекстанда мақта жинау маусымында балалар мен мәжбүрлі еңбекті пайдаланғаны үшін тоқыма өнімдеріне бойкот жариялау науқанын бастады. Байкотқа көптеген әлемге танымал брендтер - Nike, Adidas, Zara, GAP, Levi's, H&M, UNIQLO және басқалар қосылған болатын.
Дәл осы жарияланған байкотқа байланысты Өзбекстан Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Нозим Хусанов «Cotton Campaign» халықаралық коалициясына жарияланған бойкотты алып тастау жайлы өтініш жолдаған еді. Ал «Cotton Campaign» бұл өтінішті қабылдамады. Алайда, Халықаралық коалация бүгінгі күнде Өзбекстанның жеткен жетістіктерін бағалайтынын жоққа шығармаған. Ендігі жағдайда әлемдік брентердің толықтай сеніміне ену үшін Өзбекстан тарапы мақта науқаны кезінде мәжбүрлі еңбекке қатысты ешқандай көңілсіз жағдай туындамауына байланысты жұмысшылардың қосымша кепілдемелерін қажет ететіндіктені айтқан, дейді Американдық аяқ киім және киім қауымдастығындағы саясат жөніндегі аға вице-президенті Нейт Херман.
Жауап хатында айтылуынша, қаңтардың аяғында Ташкентте министр Хусановпен және басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездесулерде кезінде коалиция елдегі мәжбүрлі еңбек тоқтатқанға дейін Өзбекстаннан мақта сатып алмау жайлы 305 әлемдік брендтер мен бөлшек саудагерлер тарапынан қолдау тапқан байкотты қайта қарау міндеттемесін растаған.
Коалацияның наурыз айының соңында бірнеше брендтер өкілімен келіссөздерді жалғастыру үшін Өзбекстанға сапары жоспарлаған болып, бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты сапар кейінге қалдырылған. Бір сөзбен айтқанда «Cotton Campaign» халықаралық коалициясы Өзбекстан үкіметімен сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі.
Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрінің Халықаралық коалацияға жолдаған хаты мен коалацияның оған берген жауабы жөніндегі мәлімдеме батыс басылымдарының назарынан тыс қалмай Өзбекстанның болашағына қатысты біраз мақалалар жарық көрді. Онда «The New York Times» газетінің жазуынша Өзбекстанға жарияланған байкоттың алып тасталуы мемлекетке батыс нарығына мақта мен тоқыма өнімдерін сатудан 1 миллиард доллар пайда табу мүмкіндігін береді, деген.