Cotton Campaign халықаралық коалициясы өзбек мақтасына жарияланған бойкотты тоқтатқанын мәлімдеді.
Бүгін, 10 наурызда Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері мен Cotton Campaign халықаралық коалициясы делегациясы мүшелерінің қатысуымен Өзбекстанның мақта секторында жасалған еңбек жағдайлары туралы баспасөз брифингі өтті.
Сенат сайтының хабарлауынша, айулы шарада Олий Мажлис Сенатының Төрағасы, Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Т.Норбаева, Cotton Campaign халықаралық коалициясының жетекшісі Б.Фирман бастаған делегация мүшелері, тоқыма өнеркәсібіндегі халықаралық брендтер және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Халықаралық Cotton Campaign коалициясының басшысы Б.Фриман бүгінде Өзбекстан мақта алқаптарындағы мәжбүрлі еңбекті жоюда айтарлықтай жетістіктерге жеткенін, егістікте көптен бері шешілмей келе жатқан мәселелердің шешімін тапқанын атап өтті.
«Президент Шавкат Мирзияевтің мәжбүрлі еңбекті тоқтату және Өзбекстандағы мақта секторын реформалау үшін қажет болған тарихи реформаларды ұсынып, жүзеге асырудағы көшбасшылығын жоғары бағалаймыз. Өзбекстанның соңғы жылдары қол жеткізген нәтижелері «Cotton Campaign» халықаралық коалициясы жариялаған өзбек мақтасына бойкоттың алынып тасталуына әкелді», - деді Cotton Campaign негізін қалаушылардың бірі, АҚШ мемлекеттік хатшысының демократия, адам және еңбек құқықтары жөніндегі бұрынғы көмекшісінің орынбасары Беннетт Фриман.
Өзбек мақтасына бойкоттың алынып тасталуы, ең алдымен, тоқыма өнеркәсібіндегі әлемдегі жетекші кәсіпорындардың Өзбекстан нарығына кіруіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ конференцияда Президент Шавкат Мирзияевтің басшылығымен жүзеге асырылған ауқымды реформалар негізінде соңғы жылдары республикада адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің мүлде жаңа жүйесі құрылғаны да айтылды.
Атап айтқанда, ұлттық еңбек заңнамасын халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру, лайықты еңбек жағдайын жасау, еңбек саласындағы халықтың құқықтары мен мүдделерін жан-жақты қорғау, нарықтық экономика қағидаттарын ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану, жұмыстарды механикаландыру жөніндегі реформалар туралы ақпарат берілді.
Осы шараларды жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдары 32 нормативтік құқықтық акт қабылданып, Халықаралық еңбек ұйымы және Халықаралық көші-қон ұйымының бірқатар конвенциялары мен хаттамалары ратификацияланды. Балалар еңбегі, мәжбүрлі еңбекті пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтудің тиімді шараларының бірі болды.