English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Coca-Cola компаниясы 4 мың қызметкерін қысқартатынын мәлімдеді
10:27 / 2020-08-29

Коронавирустық пандемияның салдарынан табысы көзі 33 пайызға төмендегеніне байланысты компания 4 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыстан кетуді ұсынды


Әлемдік алкогольсіз сусындар өндірушісі арасында өзіндік брендін қалыптарстырған Coca-Cola компаниясы коронавирустық пандемияның салдарынан 2020 жылдың екінші тоқсанында табысы көзі 33 пайызға төмендегеніне байланысты бизнесті қайта құру туралы шешім қабылдап 4 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыстан кетуді ұсынды.

Қысқартулар ең алдымен АҚШ, Канада және Пуэрто-Рикодағы зауыттарда жұмыс істейтіндер арасынан іріктеледі. Өз еркімен жұмыстан босағандар қосымша төлем ала алады. Ол үшін шығындарды компания 350-550 миллион долларға бағалауда.

Coca-Cola компаниясы бизнестік жаңа бағдарлама жасақтауды жоспарлаған болып, өзгерістер нәтижесінде компания бизнесі қазіргідей 17 емес, 4 географиялық сегменттер шеңберінде 9 жаңа бөлімшеге бөлінеді. Нәтижесінде компания қайталанатын міндеттерді болдырмай, операцияларды оңтайландыруды көздеген.