Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Цитрус жемістерінің импорты кедендік баж салығынан босатылды
15:13 / 2021-10-21

Өзбекстанға цитрус жемістерінің бірқатар түрін импортау кедендік баж салығынан босатылды.

Үкімет «Халықты негізгі азық-түлік тауарларымен кепілдендірілген жеткізуді қамтамасыз ету және ішкі нарықта баға тұрақтылығын сақтау бойынша қосымша шаралар туралы» қаулы қабылдады.

Әділет министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 мамырына дейін цитрус жемістерінің бірқатар түрі кедендік баж салығынан босатылады.

Олар қатарында:

  • банан, плантайн (жаңа немесе кептірілген) - TIF TN коды 0803;
  • жаңа немесе кептірілген құрма, ананас, авокадо, гуаява, манго мен мангостин немесе гарциния - TIF TN коды 0804;
  • жаңа немесе кептірілген цитрус жемістері - TIF TN коды 0805;
  • жаңа папайя - TIF TN коды 0807 20 000 0;
  • жаңа піскен алма, алмұрт - TIF TN коды 0808;
  • киви - TIF TN коды 0810 50 000 0.

Сондай-ақ, қаулыда ет (ірі қара, қой, құс), тірі жануарларды (ірі қара мен құс) және оларды сою өнімдерін, картоп пен мұздатылған балықты импорттау және сату бойынша айналымдарды ҚҚС төлеуден босату туралы заң жобасы қарастырылған.