Бейжіңде Қытайдың Халықаралық баспасөз орталығы (CIPCC) ұйымдастырған 2025 жылғы білім беру жобасына қатысу үшін 90-нан астам елден бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналды.
Бұл бағдарлама қатысушыларға Қытайдың басқару жүйесін, дәстүрлері мен экономикалық жағдайын зерттеуге, сондай-ақ елдің ішкі және сыртқы саясатын айқындайтын негізгі іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді.

Шараның алғашқы күнінде орталық басшысы шетелдік журналистерге Қытай қоғамын, мемлекеттің саяси құрылымын, әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін тереңірек түсінуге көмектесетін төрт айлық бағдарлама туралы баяндады.

Бұл дәстүрлі бастама аясында әртүрлі елдерден келген журналистер Қытайдың түрлі салалардағы жетістіктерімен танысып, сарапшылар мен түрлі сала мамандарымен кездеседі.

CIPCC жас журналистерге білімін кеңейтуге, кәсіби біліктілігін арттыруға және халықаралық медиа қауымдастығындағы байланыстарын нығайтуға көмектеседі.
Семинарға Орталық Азия өкілдері, соның ішінде ӨзА (Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігі) журналисіде қатысуда.
Н.Мардонов, ӨзА
Қытай, Бейжің