26 сәуірде Қытайдың Циндао қаласындағы Фангюань спорт орталығында ШЫҰ-ға мүше елдердің Халықаралық инвестициялық-сауда көрмесі мен Сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы ашылды. Жергілікті және шетелдік сарапшылар, 30 елден келген елшілер қатысатын халықаралық іс-шарада ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады деп күтілуде.
Көрменің ашылу салтанатында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Владимир Норов, Халықаралық сауданы дамыту жөніндегі Қытай кеңесі төрағасының орынбасары, ШЫҰ Іскерлік кеңесінің Қытай бойынша ұлттық секциясының төрағасы Чжан Шаоган және Тәжікстанның Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Зохир Озод сөз сөйледі.
Қытайдың Кеден бас басқармасы статистика және талдау департаментінің директоры Қытай мен ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы сауда индексін жариялады. онда, Қытай мен ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы импорт пен экспорт 2001 жылы 17,14 млрд доллардан 2020 жылы 244,85 млрд долларға дейін өскенін (жылына орташа 15 пайыз) айтты.
Іс-шарада 17 елдің төрт бауырлас қаласы мен 19 паркі Циндао мемлекеттік органдары және Қытай-ШЫҰ аймақтық сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Демонстрациялық аймағымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Қол қойылған құжаттар сауда, логистика, энергетика, жоғары технологиялық өндіріс, мәдени туризм және биомедицина бойынша жалпы құны 66,8 млрд юань болатын 20 жобаны жүзеге асыруды көздейді.
Қазақстан Республикасының Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғабит Қойшыбаев, Пәкістанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мойнул Хак және басқалар екіжақты және көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы баяндамалар жасады.
Атаулы ынтымақтастық аймақ Әкімшілік комитет директорының орынбасары Сян Чжицян жергілікті сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі «Циндао бастамасы» туралы мәлімдеді.
Бұл бастама ШЫҰ-ны географиясы мен халқының саны жағынан әлемдегі ең ірі аймақтық ұйым – жергілікті сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, халықаралық логистикаға жақсы маршруттар ұсыну, инвестицияларды тартуды жеделдету және сауданы жеңілдету арқылы дамуға зор үлес қосуға шақырады.
Ашылу салтанатынан кейін қонақтар көрме аумағында әр түрлі елдердің павильондарын аралады.
Хабарда айтылуынша, үш күндік көрме мен ШЫҰ-ның Циндао форумы аясында, жобалар жәрмеңкесі мен ШЫҰ мүшелерінің іс-шаралары өтеді.
Байланыс: Чжу Илин
Тел. 0086-532-85911619
Веб-сайт: http: //www.qingdaochina.org
Facebook: https: //www.facebook.com/qingdaocity
Twitter: https: //twitter.com/loveqingdao