Қытайдың Шаньдун провинциясының Циндао қаласында «Қытай – ШЫҰ үлгілі өңірінің інжу-маржаны» атты халықаралық көрме орталығының аумағында Өзбекстан павильоны ашылды.
Кешен құрамында ШЫҰ-ға мүше басқа мемлекеттердің павильондары да бар. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шараға жергілікті өзін-өзі басқару, іскер топ өкілдері, Сауда министрлігінің аймақтық бөлімі, Орталық Азия елдерінің Қытайдағы елшіліктерінің өкілдері қатысты.
Өзбекстан көрмесінде республикада өндірілген экспорттық өнімдер – жеміс шырыны, табиғи бал, кептірілген жемістер, минералды су, шафран, кондитерлік өнімдер, тоқыма және былғары өнеркәсібі өнімдері мен ұлттық қолөнер үлгілері қойылған.
Ұлттық нақышта безендірілген Өзбекстанның 600 шаршы метрлік сауда алаңының қақ ортасында тұрған Сайыпқыран Әмір Темірдің мүсіні, Регистан кешеніндегі Мырза Ұлықбек медресесі, Бұхараның «Минорай Калон» символы қонақтарға жылы әсер қалдыруда.
Павильонның ішкі қабырғасында Өзбекстанның бай тарихы, мәдениеті, бүгінгі дамуы, туристік әлеуеті, Өзбекстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық барысы туралы мәліметтер көрсетілген.