Циклонға байланысты Перудың бірнеше аймағында төтенше жағдай жарияланды
Перу билігі толассыз жауған жаңбырға байланысты елдің 11 департаментінде, сондай-ақ ел астанасы Лима мен Кальяо қаласында төтенше жағдай жариялады.
«Қалыптасқан қазіргі жағдайға байланысты үкімет төтенше жағдай жариялады, оның аясында туындаған апатты азайту, сондай-ақ қажетті көмек көрсету бойынша жылдам ерекше қажетті шаралар қабылданатын болады», - деп хабарлаған «Radioprogramas del Peru» радиостанциясы.
Толассыз жауған жаңбыр салдарынан кем дегенде алты адамның қаза тапқаны айтылған.
«Яку» циклоны тудырған қатты жаңбыр Аякучо, Анкаш, Апуримак, Арекипа, Ика, Куско, Мокегуа, Пуно, Такна, Уанкавелика, Уануко және Хунин департаменттерінде су тасқынына әкелді, деп хабарлайды радиостанция.