Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чусовитина Токио-2020 Олимпиадасында киген жейдесін Швейцария музейіне сыйлады
12:28 / 2022-08-31

Өзбекстан спорт гимнастикасының аңызы Оксана Чусовитинаның Токио-2020 Олимпиадасында (8-ші Олимпиадасы) қатысқан спорттық жейдесі Швейцарияның Лозанна қаласындағы «Олимпиада» мұражайынан орын алды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Оксана Чусовитина спорттық мансабындағы 8-ші Олимпиадасынан кейін, жейдесін естелік ретінде мұражайға сыйға тартқан.

ХОК дерегіне қарағанда, жыл сайын шамамен 250 мың адам келетін Лозаннадағы «Олимпиада» мұражайында қазіргі Олимпиада ойындарына қатысты ең құнды мәліметтер мен жәдігерлер жинақталған.

Еске салар болсақ, Токиодағы жазғы ойындардан кейін Оксана Чусовитина қатарынан сегіз жазғы Олимпиада ойындарына (1992, 1996, 2000, 2004, 2008, 2012, 2016, 2020) қатысқан әлемдегі жалғыз гимнастшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. 46 жастағы спортшы өнер көрсеткен күні үлкен спорттан кеткенін жариялады. Алайда, кейін Оксана бұл шешімін қайта қарап, қазір халықаралық жарыстарда жүлде алуды жалғастыруда. Ол Париждегі жазғы ойындарға да қатысу ниеті бар екенін айтқан.