Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чилидегі мыс кенішінің жанында алып шұңқыр пайда болды
15:19 / 2022-08-03

Чилидегі Алькапароса мыс кеніші маңында суға толы алып шұңқыр пайда болды.

Independent басылымының хабарлауынша, шұңқырдың тереңдігі 200 метр, ені 25 метр. Осы жағдайға байланыст канадалық компания мыс өндіретін кеніш жұмысты уақытша тоқтатқан. 

Бастапқыда шұңқырдың диаметрі 25 метр болса, 1 тамызға қарай 32 метрге дейін ұлғайған.

Ақпаратта Чили ұлттық геология және тау-кен ісі қызметінің сарапшылары шұңқырдың ішінде көп мөлшердегі судан басқа материал таппағаны айтылады.

Кенді басқаратын «Lundin Mining» компаниясы жұмысшылар мен жақын маңдағы тұрғындардың зардап шекпегенін мәлімдеген. Ең жақын тұрғын үй шұңқырдан 600 метр қашықтықта, ең жақын елді мекен бір шақырым жерде орналасқан.