Чилиде президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді
Чилиде президенттік сайлаудың бірінші кезеңі сәтсіз өтті. Өйткені, үміткерлердің ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаған.
Чили сайлау комиссиясы 21 қараша, жексенбі күні өткен президент сайлауының қорытындысы бойынша, кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинай алмады, деп хабарлады бюллетеньдердің 95 пайызын санап біткеннен кейін.
Осылайша Чилиде президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді. Бірінші тур қорытындысы бойынша сайлаушылардың ең көп даусын алған екі үміткер келесі кезеңде қатыспақ. Онда оңшыл Республикалық партиядан үміткер Хосе Антонио Каст 28% дауыс жиған болса, солшылдар өкілі Габриэль Борик сайлаушылардың 25,7 пайыз дауысына ие болған.
Президенттік сайлаудағы екінші тур 19 желтоқсанда өтеді.