Чилиде медициналық көмекке арналған ұшақ апатқа ұшырады
Чилиде шұғыл медициналық көмекке арналған ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты.
Бұл жөнінде жергілікті билік өкілі Гонсало Дуран бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлаған.
Құтқарушылар ұшақтың қалдықтарын Куракави қаласы маңындағы таулы өңірден тапқан. Қайғылы оқиғада қаза тапқандар қатарында екі ұшқыш, дәрігер, медбике, науқас және оны ертіп жүрген азамат бар.
Чили Президенті Габриэль Борич әлеуметтік желідегі парақшасында марқұмдардың туыстарына көңіл айтып, қайғысына ортақтасты.