Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чили спортшысы Олимпиада ойындарынан шеттетілді
10:59 / 2021-07-23

Коронавирусқа байланысты Чили құрамасының мүшесі Фернанда Агирре Токио-2020 Олимпиада ойындарынан шеттетілген алғашқы спортшы болды.

Токио-2020 Олимпиадасына таэквондо бойынша қатыспақ болған спортшы бұл жағдайға байланысты коронавирустық сынақ нәтижелері қате болды деп санайды.

«Мен Жапонияға теріс ПТР анализдерімен келдім, келгенімде антигенге экспресс-тест тапсырдым, ол оң нәтиже берді, содан кейін Олимпиада ауылында олар тағыда тест алды, ол қайтадан оң нәтиже көрсетті, бірақ жаттықтырушым мен менің барлық сапарлар барысында ковид тест нәтижелерім теріс болды», - деген 22 жастағы Агирре.

Спортшы оны жұқтыруым мүмкін емес деп санайды, өйткені вирус жаттықтырушылары мен командаластарында табылған жоқ. Агирре оған тағы бір сынақтан өтуге рұқсат етіледі деп үміттеніп және бұл кезде олтеріс болып шығады деп ойлап жүргенде, жақында әлеуметтік желіден Коста-Рикадан келген таэквондошының өз орнына өнер көрсететінін білген.

«Мен бұл жөнінде инстаграм арқылы білдім, маған ешкім ескертпеді. Бұл менің жүрегіме ауыр батып ащы және қайғылы сезім қалдырды», - деп жазып, өзінің орнына келген әріптесі үшін қуанышты екенін айтқан.