Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чехияда жолаушылар пойызы соқтығысып, көптеген азамат жарақат алды
15:11 / 2021-08-04

Чехияның батысындағы Домажлице қаласының аймағында екі пойыз соқтығысы орын алды. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған.

CTK агенттігінің дерегінше, Мюнхен және Прага арасында қатынаушы «Zapadni expres» жолаушылар жүрдек пойызы соқтығысқан. Апат 4 тамыз таңғы сегіз шамасында болған.

Қазірггі уақытта апаттың себебі анықталуда. Болжам бойынша, пойыздардың бірінің машинисі семафордың қызыл сигналынан өтіп кеткен.