Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чехияда коронавирустың «лямбда» штаммы анықталды
09:26 / 2021-06-30

Сейсенбіде Чехиядағы зертханаларда дельта коронавирусының үнді штамының 120 жағдайы расталды, сонымен қатар латынамерикалық «лямбда» штаммының бір жағдайы Орталық Чехия аймағында тіркелді.

«29 маусым күні республиканың зертханаларында коронавирусының үнді штамының 120 «дельта» нұсқасы мен қоса, бразилиялық «гамма» штаммының 21 жағдайы және африкалық «бета» штамының 65 жағдайы расталды. Сонымен қатар, Орталық Чехия аймағында коронавирутың латынамерикалық «лямбда» штамм тіркелген» - делінген Денсаулық сақтау мемлекеттік институты (GIH) сайтындағы хабарламасында.

Жалпы, коронавирустың британдық нұсқасы қазіргі кезде Чехияда көп таралып отыр, дейді институт. Жаңадан науқастанғандардың үштен бірі Прагада. 

«Соңғы аптада елде коронавируспен сырқаттану көрсеткішінің төмендеуі тоқтап, шамалы өсім басталды. Атап айтқанда, сейсенбіде 157 жаңа науқас тіркелді, бұл бір аптадан бұрын 39-ға көп», - делінген.