Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чехияда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді
09:21 / 2021-11-26

26 қарашадан бастап Чехия билігі коронавирус індетінің өршуіне байланысты республикада төтенше жағдай жариялады.

Mlada fronta DNES газетінің хабарлауынша, республикада түнгі уақытта кафелер, мейрамханалар, барлар, казинолар және басқа да мекемелердің жұмысына тыйым салынып, Рождестволық базар шаралары өтпейтін болды.

«Чехияда COVID-19 эпидемиясының күшеюіне байланысты төтенше жағдай режимі қайтадан енгізіледі. Үкімет оны бейсенбіден жұмаға қараған түн ортасында енгізу туралы шешім қабылдады. Ол 30 күн бойы күшінде болады», - деген Премьер-министр Андрей Бабиш үкімет отырысында.

Бүгіннен бастап Чехияда кешкі сағат 22:00-ден 04:59-ға дейін дәмханалар, мейрамханалар, барлар, ойынханалар және басқа да мекемелердің жұмысына тыйым салынады. Билік қоғамдық орындарда алкогольді ішуге де тыйым шектеу қойған. 

Бұқаралық іс-шараларға 100-ге дейін қатысушысы рұқсат етілген (жерлеуге мүмкіндігінше көп) бірақ спорттық іс-шараларға мыңнан астам адам қатыса алмайды.