Чехияда кең ауқымды блэкаут орын алды
Чехияда электр энергиясының жаппай үзілуі тіркеліп, энергожүйедегі техникалық бұл ақау Прага қаласының көп бөлігіне әсер етті.
Novinky.cz мәліметінше, блэкаут нәтижесінде метро қозғалысы толық тоқтап, трамвай мен троллейбус желілері де ішінара жұмысын доғарған.
Сондай-ақ, жүздеген адам лифт ішінде қалып қойғаны хабарланды. Көптеген банкоматтар істен шыққан. Алайда, Прага әуежайының жұмысы бұзылған жоқ.
Электр қуатының үзілуі Чехияның басқа да қалаларында – Млада-Болеслав, Усти-над-Лабем және Градец-Кралове қалаларында да байқалды.
Қазір жағдайды зерттеу және ақаудың нақты себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, мамыр айында Испания мен Португалияда да осындай кең көлемді электр үзілуі болған еді. Ол кезде кейбір өңірлер бес сағатқа дейін жарықсыз қалған болатын.