Чехияда үкімет халықтың кейбір санаттары үшін COVID-19 вакцинациясын міндетті ету жоспарларынан бас тарту туралы шешім қабылдады.
Премьер-министр Петр Фиаланың мәлімдеуінше: «Үкімет (Чехияда) міндетті егу болмайтыны туралы шешім қабылдады (коронавирусқа қарсы)».
Билік осылайша елдің бұрынғы үкіметі бекіткен республиканың егде жастағы тұрғындары мен белгілі бір кәсіп өкілдерін міндетті вакцинациялау туралы қаулының күшін жойды. Осы орайда Премьер-Министр мемлекеттің қалыпты жұмыс істеуі үшін аса қажет көптеген кәсіп өкілдерінің арасында екпе алғандардың саны 90 пайызды құрайтынын жеткізген.
Еске салайық, Чехияның бұрынғы үкіметі наурыз айынан бастап елдің 60 жастан асқан барлық тұрғындарына, сондай-ақ дәрігерлерге, құқық қорғау қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге және медицина факультетінің студенттеріне коронавирусқа қарсы вакцинацияны міндетті етуді жоспарын бекіткен болатын.