Чехия президенті мотоциклмен апатқа ұшырады
Чехия президенті Петр Павел мотоциклмен апатқа ұшырап, ауруханаға түсті.
ВВС хабарлауынша, 62 жастағы президенттің жарақаты «ауыр емес», дегенмен емдеу мекемесінде қанша күн болатыны белгісіз.
Чех полициясы бұл оқиғаны тергеп жатқан жоқ, себебі ол жолда емес, жабық жарыс жолында болғанын айтты.
Бұқаралық ақпарат құралдары чех президенті әдетте немістің BMW R1200GS мотоциклін мінеді деп жазады.
«Оның жарақаттары ауыр емес, бірақ ол Прага әскери университетінің госпиталінде қысқа мерзімді бақылауда болады», - деп хабарлады Чехия президентінің кеңсесі.
30 мамырда Чехия президенті Прагада НАТО елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесуі керек.
Еске салар болсақ, Чехия президенті сәуір айында атыс алаңында қарудан ату кезінде жеңіл жарақат алған еді.