Чехия АҚШ-тан F-35 жойғыш ұшағын сатып алады
Чехия үкіметі сәрсенбі күні АҚШ-тан дыбыстан жылдам 24 дана F-35 жойғыш ұшағын сатып алу туралы шешім қабылдады.
«Үкімет бүгін дыбыстан жылдам ұшатын 240 дана F-35 ұшағын сатып алу туралы шешім қабылдады. Алғашқы ұшақ 2029 жылы дайын болады, ал біздің ұшқыштар АҚШ-та олармен жаттығуды бастайды. 2031 жылы Чехияға алғашқы жойғыш ұшақтар келеді, 2035 жылы бізде 24 ұшақ түгел болады», - деді ел премьер-министр Петр Фиала баспасөз мәслихатында.
Чехия бұл жағдайда армияның ұсынысы бойынша әрекет етіп жатқаны атап өтілді.
«Үкімет азаматтардың және бүкіл елдің қауіпсіздігін өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды. Бұл армияны модернизациялау және оны шын мәнінде қажетті заттармен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асады», - деген Премьер-Министр.