Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чемпиондар лигасының финалы Санкт-Петербургтен Парижге көшірілетін болды
13:47 / 2022-02-26

Футболдан Еуропа Чемпиондар лигасының финалдық кездесуі Санкт-Петербургтен Парижге көшірілетін болды.

УЕФА ресми сайтындағы ақпаратқа сай, Ресей мен Украина арасындағы саяси жағдайға байланысты УЕФА Атқарушы комитеті 25 ақпанда өткен кезектен тыс отырысында Санкт-Петербургтегі «Газпром Аренада» ЕЧЛ финалы өтпейтінін мәлімдеді. Ұйым финалдың 28 мамырда Париждегі «Стад де Франс» стадионында өтетінін растады.

Ұйымның Атқарушы комитеті жиынында УЕФА жарыстарына қатысатын ресейлік және украиналық клубтар мен ұлттық құрамалар өз үйіндегі матчтарын келесі шемімге дейін бейтарап стадиондарда өткізуге міндетті деген шешім қабылданған.