Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чемпиондар лигасының финалы Лондон немесе Лиссабонда өтуі мүмкін
12:12 / 2021-05-11

Еуропа Чемпиондар лигасының финал кездесуі Лондон немесе Лиссабонда өтуі мүмкін.

ESPN мәліметіне қарағанда, Түркиядағы эпидемиологиялық ахуалдың өте нашар жағдайда екені ескеріліп, УЕФА Ыстамбұлдағы «Манчестер Сити» мен «Челси» клубтарының финал кездесуін Лондон немесе Лиссабондағы жасыл алаңда өткізу мүмкіндігін қарастыруда.

Бұған дейін Британия үкіметі Чемпиондар лигасының финалын Англияда өткізу жөнінде УЕФА-ға хат жолдаған болатын. Бұл хаттама қазірде коронавирусқа байланысты «Қызыл» аймақта тұрған Түркия еліне екі ағылшын клубының футболшылары мен қоса финал кездесуін көруге баратын мыңдаған жанкүйерлердің жағдайына алаңдаушылық ретінде жіберілген. Сол себепті «Манчестер Сити» мен «Челси» клубы арасындағы финал кездесуін Англияға көшіру ұсынысы айтылды және бұл кездесуге «Астон Вилла» өз алаңын беруге дайын екенін мәлімдеген.

Чемпиондар лигасының финалы 29 мамырда Ыстамбұлдағы «Ататүрк» стадионында өтеді деп жоспарланған. 25 мың жанкүйерге стадионға кіруге рұқсат етілді.