Чемпиондар Лигасының 2019/2020 маусымға арналға жеребесі тартылды
УЕФА тарапынан өткен маусымдағы әлемнің үздік футболшысы анықталды.
Монакодағы "Grimaldi Forum" сарайында Чемпиондар Лигасы 2019/2020 маусымға арналған топтық кезеңі жеребесі тартылып, Европа жасыл алаңдарында ойын көрсетер командалар тізімі төмендегі суретте көрсетілгендей топтардан орын алды.

Біраз уақыт алдын, УЕФА тарапынан өткен маусымдағы әлемнің үздік футболшысы аталымына үш футболшның кандидатты жария еткен еді. Бұл номинацияға «Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду, «Барселона» ойыншысы Леонель Месси мен «Ливерпульдік» қорғаушы Виржил Ван Дейк таласқан болатын.
Сонымен өткен маусымдағы әлемнің үздік футболшысы аталымына «Ливерпульдік» қорғаушы Виржил Ван Дейк лайық деп табылды.
УЕФА Чемпиондар Лигасының 2018/19 маусымдағы жекелеген наградалары: Ең үздік қорғаушы «Ливерпуль» футболшысы Виржил Ван Дейк.
Ең үздік жартылай қорғаушы «Аякс» ойыншысы Френки де Йонг.
Ең үздік шабуылшы «Барселона» капитаны Леонель Месси болса, ең үздік қақпашы «Ливерпуль» сапындағы Алисон Бекер атанды.
Ең үздік шабуылшы «Барселона» капитаны Леонель Месси болса, ең үздік қақпашы «Ливерпуль» сапындағы Алисон Бекер атанды.

Қазірде Европаның жетекші клубтары Чемпиондар Лигасыны 96 қатысушыдан тұратын жаңа форматын талқылауда.
Онда, 6 клубтан тұратын 16 топ құралып, топтық кездесулердегі 2 үздік команда плей-оффқа жолдама алатын болады. Ал 3 пен 4 орынды иелегендер Европа Лигасына жол тартса, 5 және 6 орындағы командалар үшінші еврокубокта қатысатын болады.
Еске сала кетсек, Чемпиондар Лигасының қазіргі форматында 32 команда 8 топқа бөлінген түрде қатысады.