Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі қайта тартылды
20:37 / 2021-12-13

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кездесулеріне қайтадан жеребе тарту рәсімі өтті.

Техникалық қате салдарынан командалардың орны ауысып кеткен. Осыған орай УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кездесулеріне қайтадан жеребе тарту рәсімін өткізді.

Екінші рет тасталған жеребе нәтижесіне мынадай:

  • «Зальцбург» (Австрия) – «Бавария» (Германия)
  • «Спортинг» (Португалия) – «Манчестер Сити» (Англия)
  • «Бенфика» (Португалия) – «Аякс» (Нидерланды)
  • «Челси» (Англия) – «Лилль» (Франция)
  • «Атлетико» (Испания) – «Манчестер Юнайтед» (Англия)
  • «Вильярреал» (Испания) – «Ювентус» (Италия)
  • «Интер» (Италия) – «Ливерпуль» (Англия)
  • «ПСЖ» (Франция) – «Реал Мадрид» (Испания). 

Еске сала кетейік, 1/8 финалдың алғашқы ойындары 15/16 - 22/23 ақпан, ал қарымта кездесулер 8/9 - 15/16 наурыз күндеріне жоспарланған.