Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан командаларда қай елдің футболшылары көп?
11:26 / 2021-02-23

Onefootball медиасы Еуропа Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алған командалар сапында ойнайтын футболшылардың қай елден екені жайлы рейтинг жасады.

Жасыл алаңдағы ең беделді турнирдің ең қызықты сәттерне жеткен командалар сапында ең көп футболшылар Германиядан - 58 ойыншы. Одан кейінгі кезекте Испания (57), үзік үштікті Франция (42) қорытындылаған. 

Турнирдің 1/8 финалына шыққан командалар сапында жалпы 59 елдің ойыншылары бақ сынауда, солар қатарында үздік ТОП-15 құрамына Еуропа континентінен емес үш ел орын алып, олардан Бразилия көш бастады – 34 футболшы. Кейінгі орындады Аргентина (17) және АҚШ (9) елдерінен келген футболшылардың үлесі көп.

Еске салар босақ, Еуропа Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Германиядан 4, Испаниядан 4, Англиядан 3, Италиядан 3, Франциядан және Португалиядан бір-бір команда қатысуда. Бүгін кешке «Атлетико М» - «Челси» және «Лацио» - «Бавария» клубтары кездеседі.