Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чемпиондар Лигасында ширек финалға шыққан командалар белгілі болды
11:05 / 2021-03-18

Еуропа Чемпиондар Лигасында ширек финалға жолдама алған командалар белгілі болды.

Келесі кезеңге өткен клубтар қатарында «Реал Мадрид» (Испания), «Манчестер Сити», «Ливерпуль» «Челси» (Англия), «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Боруссия Дортмунд», «Бавария» (Германия), «Порту» (Португалия) командалары бар.

Ендігі кезекте турнирдің 1/4 және 1/2 финалдық кездесулеріне жеребе тарту шарасы 19 наурызда Швейцарияның Ньон қаласында өтуі жоспарланған. 

Ал, ширек финал ойындары 6-7 және 13-14 сәуір күндері өтсе, жартылай финалдық матчтар 27-28 сәуір және 4-5 мамырға белгіленген.

Маусымның финал кездесуі 29 мамыр Стамбул қаласындағы «Ататүрік» алаңында өтеді.

Еске сала кетсек, бүгін кешке Еуропа Лигасы ойындарының жауап кездесулері болады.