Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чемпиондар лигасында ширек финалға шыққан барлық клубтар анықталды
14:03 / 2020-08-09

Ширек финалға жолдама алған командалар12-15 тамыз күндері бір реттік кездесу қорытындысы бойынша келесі кезеңге шығатын болады


УЕФА Чемпиондар лигасында ширек финалға жолдама алған барлық командалар аты мәлім болды.

Кеше өткен кездесулер қорытындысы бойынша ендігі кезеңде «Барселона» мен «Бавария» өзара күш сынасады. Бұл екі клубтың кубок тарихында бес реттен чемпион болған жеңісі бар. Ал қалған 6 команданың біріде кубок ойындарында мұндай марапатқа қол жеткізе алмаған. Тек «Атлетико» 3 мәрте финалға шығып, үш кездесуде де ащы жеңіліс дәмін татқан.

Ширек финалға жолдама алған командалар12-15 тамыз күндері бір реттік кездесу қорытындысы бойынша келесі кезеңге шығатын болады.

12-тамыз: «Аталанта» – «ПСЖ»

13-тамыз: «Лейпциг» – «Атлетико»

14-тамыз: «Манчестер Сити» – «Лион»

15-тамыз: «Барселона» – «Бавария»

Чемпиондар лигасы тарихында ең көп жеңіпаз команда «Реал Мадрид», 13 рет чемпион болған. Ал, ең көп финалда жеңілген клуб «Ювентус», 9 мәрте финалдық кездесуде алаңға шығып 7 кездесуде жеңіліс тапқан. Сұрмергендер қатарында Криштиану Роналду бүгінге дейін 131 гол соғып көш бастап келеді.