Чемпиондар Лигасы жаңа маусымының топтық кезеңіне жеребе тартылды
25 тамызда Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар Лигасының 2022/23 маусымының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті.
Жеребе нәтижесіне орай жазғы трансфер кезеңінде«Бавария» клубынан «Барселонаға» ауысқан Роберт Левандовски бұрынғы клубына қарсы ойнайды.
Сонымен УЕФА Чемпиондар лигасының 2022/23 маусымында ойын көрсететін топтық командалармен танысыңыз:
- А тобы: «Аякс», «Ливерпуль», «Наполи», «Рейнджерс».
- В тобы: «Порту», «Атлетико», «Байер», «Брюгге».
- С тобы: «Бавария», «Барселона», «Интер», «Виктория Пльзен».
- D тобы: «Айнтрахт», «Тоттенхэм», «Спортинг», «Марсель».
- Е тобы: «Милан», «Челси», «Зальцбург», «Динамо Загреб».
- F тобы: «Реал», «РБ Лейпциг», «Шахтер», «Селтик».
- G тобы: «Манчестер Сити», «Севилья», «Боруссия», «Копенгаген».
- H тобы: «ПСЖ», «Ювентус», «Бенфика», «Маккаби Хайфа».

Еске салар болсақ, ЕЧЛ жаңа маусымының финалы 2023 жылы Ыстамбұлда өтеді. Топтық кезең ойындары 6-7 қыркүйекте басталады.