Чемпиондар лигасы: «Тоттенхэм» мен «Ливерпуль» жартылай финалда
Кеше Чемпиондар лигасы ширек финал ойындарының соңғы екі ойны өтті.
Кеше Чемпиондар лигасы ширек финал ойындарының соңғы екі ойны өтті. Онда «Манчестер Сити» өз алаңында «Тоттенхэмді» қабылдап 4:3 есебімен жеңіске жетті. Бірақ екі ойынның қорытындысы бойынша есеп 4:4 болып, «Тоттенхэм» қонақта соққан голдарының нәтижесінде келесі кезең жолдамасына ие болды.
Енді лондондықтар командасы, Амстердамның «Аякс» клубына қарсы ойнайды.
Ширек финалдың екінші кездесуі Португалияның «Порту» футбол командасы мен Англияның «Ливерпуль» командасы арасында өтті.
кездесуінің нәтижесі бойынша «Порту» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдап 1:4 есебімен жеңілді. Екі ойынның қорытындысына сәйкес «Ливерпуль» келесі кезеңде Испанияның «Барселона» клубына қарсы ойнайды.