French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чемпиондар лигасы: «Реал» өз алаңында «Шериф» клубынан жеңілді
12:04 / 2021-09-29

Еуропа Чемпиондар лигасының 2-тур ойындары аясында Мадриттің «Реал» клубы өз алаңында Молдованың «Шериф» клубын қабылдап ұтылып қалды.

Бірінші таймда өзбекстандық Жасур Яхшибаев «Корольдік» клуб қақпасына гол соғып есепті ашты. Алайда шабуылшы 57-минутта жарақат алып, ойынды жалғастыралмады. 65 минутта Кәрім Бензема пеналтиден есепті теңестірді. Бірақ 90 -минутта Себастьян Тилл супер гол соғып «Шерифке» тарихи жеңіс сыйлады. Есеп 1:2. Осылайша «Шериф» екі ойын нәтижесіне орай 6 ұпаймен топта көш бастап келеді.

2-тур ойындарынан орын алған кездесу нәтижесі:

Аякс – Бешикташ 2:0

Шахтер Донецк – Интер 0:0

Боруссия Д – Спортинг 1:0

Милан – Атлетико 1:2

Порту – Ливерпуль 1:5

ПСЖ - Манчестер Сити 2:0

РБ Лейпциг – Брюгге 1:2

Бүгін түнде 2-тур ойындарының қалған кездесулері өтеді.